Басты бет Жаңалықтар Darkhan Juzz-дің денесі Алматыға жеткізілді

Darkhan Juzz-дің денесі Алматыға жеткізілді

Қазақстандық музыкант Darkhan Juzz-дің денесі Алматыға жеткізілді. Танымал әншіні Кеңсай-2 зиратына жерледі.

Фото: instagram.com/d.juzz

Оны әйгілі Батырхан Шүкеновтың зиратының жанына, Кеңсай-2 зиратына жерледі. Жерлеу мұсылман әдет-ғұрыптарына сәйкес өтті. Молда Құран оқып, қайтыс болған адамның жақсы қасиеттерін айтты.

Сонымен қатар бүгін кешкі сағат 18:00-де музыканттың құрметіне Арбатта концерт ұйымдастырылады.

Darkhan Juzz
Фото: Zakon.kz

Еске салайық, 24 ақпанда қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Әнші Darkhan Juzz лақап атымен танымал еді. Ол Тайландта жалға алған мопедімен жол апатына түскен. Әншінің аяқталмаған альбомы жарыққа шығады.

Exit mobile version