Басты бет Жаңалықтар Танымал қазақстандық музыкант Darkhan Juzz қайтыс болды

Танымал қазақстандық музыкант Darkhan Juzz қайтыс болды

Танымал қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Әнші Darkhan Juzz лақап атымен танымал еді.

Фото: instagram.com/d.juzz

Қаралы хабар естігенде төбемізден жай түскендей болдық. Дархан қазіргі заманғы қазақ музыкасының жарқын өкілі еді. Жарқырап жанып келе жатқан жұлдыздың мезгілсіз ағып түскені қабырғамызды қайыстырды, — деп жазды ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин.

Музыкант 31 жаста болған. Қайғылы оқиғаның себебі нақтыланып жатыр.

Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосатын азамат болатын. Амал нешік, ажал оны арамыздан ерте алып кетті. Алдың жарық, топырағың торқа болсын, Дархан! Сенің жарқын бейнең өнеріңді қадірлейтін жұрттың жүрегінде мәңгі сақталады!, — деді Ерлан Қарин.

Exit mobile version