Сонымен қатар жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,5%-ке, ақылы қызметтер 15%-ке өсті.
2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда пияз – 105%-ке, кір сабын – 90,3%-ке, кеңсе тауарлары – 71,8%-ке, қияр – 56,8%-ке, ағартқыштар мен балалар сабыны — 56,3%-ке, қант – 55%-ке, консервіленген сүт – 49,1-ке, күріш – 44,9%-ке, макарон өнімдері – 41,1%-ке, ұн 40,2%-ке қымбаттаған.
Жылдық мәнде, керісінше, ақбас қырыққабат 30,1%-ке арзандады.