Түркияда төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулерінен кейін 11 мыңнан астам афтершок тіркелген. Жер сілкінісінен қаза болғандар саны 45 089 адамға жетті.
Қазіргі кезде апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстарына Түркия мен шетелдің тиісті қызметтерінен 6 368 адам жұмылдырылған. Сонымен қатар жұмысқа 234 мыңнан астам тартылды. Олардың арасында AFAD қызметкері, полиция, әскерилер мен еріктілер бар.
Қалпына келтіру жұмыстарына экскаваторлар, крандар, бульдозерлер, жүк көліктері, су тасушы машиналар, 18 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Зілзаладан зардап шеккендер үшін 358 мыңнан астам шатыр тігілген. Сонымен қатар 11 провинция мен 332 елдімекенде контейнерлік қалашықтар құрылды.