Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі 28 ақпаннан бастап Жастар саясаты туралы заңға енгізілген толықтырулар ресми түрде күшіне енгенін жазды.
Ереже бойынша, заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сондықтан жаңа заңның барлық нормасы бүгіннен бастап жұмыс істейді. Соған сәйкес бұдан былай Қазақстандағы 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына қосылады. Бұл дегеніңіз — елімізде жастардың үлесі 3,7 миллионнан 6 миллионға көбейді деген сөз. Ендеше мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көретін жастар саны да артады, — деп жазды министр Facebook-аккаунтында.
Айта кетейік, президент бұл заңға былтыр 26 желтоқсанда қол қойған еді.