Басты бетЖаңалықтарПрокурор Серік...

Прокурор Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Талдықорғанда Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Күдебаевқа қылмыстық кодекстің 362-бабының 2-бөлігі «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттерді асыра пайдалану» бойынша айып тағылды. Сот процесс барысында мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айта кетейік, Серік Күдебаев 2020 жылғы қаңтарда Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. 2022 жылғы 18 ақпанда ішкі істер органдарынан өз еркімен кетті.

2022 жылғы 13 мамырда Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды.