«Қазір біз сұрақтар дайындап жатырмыз. Ол жақта Димаш Құдайберген мен Головкин де болады. Бұл «сыни оқу» деп аталады. Яғни мәтін оқисыз, мәтін дельфиндер, ұлттық батырлар жайлы немесе тіпті жұрттың назарындағы адамдар болуы мүмкін. Осыдан кейін бала мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Студенттер жауап беретін мәтіндерде танымал адамдардың болуынан еш сөлекеттік көріп тұрғанымыз жоқ. Себебі бұл сынақ емтихандары. Мысалы, Головкин мен Винокуровты қосуға болады. Мұнда еш жамандық жоқ», — деді Парламент отырысының үзілісінде Ерлан Сағадиев.
Айта кетейік, осыған дейін ҰБТ сұрақтарына енген шоу-бизнес өкілдері жайлы сұрақтар көпшіліктің сынына ұшыраған еді. Ұлттық орталық мұндай сұрақтар талапкерлердің ҰБТ-ға деген қызығушылығын арттыру мақсатында қосқандығын мәлімдеді.