Су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде 255 елдімекенді су басуы мүмкін, онда 127 мыңнан астам үй бар, 700 мыңнан астам азамат тұрады, — деді министр үкімет отырысында.
Оның айтуынша, биылғы су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өтуге дайындық аясында биліктің барлық деңгейінде үлкен жұмыс жүргізілді.
Оңтүстік аймақтарда қар ери бастауына санаулы күн қалды. Қазір барлық күш-жігер алдын алу шаралары мен су тасқынына дайындыққа бағытталған. Биылғы екі айда 15,1 шақырым уақытша бөген салынды, 24 шақырымға жуығы жөнделді, 16 шақырымнан астам уақытша бөген, сонымен қатар елдімекендердің айналасында 41 шақырым білік тұрғызылды, — деді министр.
Сонымен бірге 5 мың шақырымға жуық каналдар мен арықтар, автомобильдер және темір жолдар астында 8,5 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды.
Юрий Ильиннің айтуынша, өңірлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өтті.
Полиция бөлімшелерімен бірлесіп, елдімекен аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейд шаралары басталды. Бұл — дренаждық және арық жүйелерін ұстау, қар шығару, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары, — деді Юрий Ильин.