Риддердегі жылу орталығында тағы да апат болды

Қала әкімдігінің мәліметінше, жылу электр орталығындағы апат 28 ақпанда сағат 03:45-те болған.

№1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілді. Ал сол уақытта №3 және №4 қазандық қана жұмыс істеп тұрды. Қазір №2 қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталып, іске қосылды. №1 қазандық та қалыпқа келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр, — дейді қала басшысы Дмитрий Горьковой.

Еске салайық, 5 қарашада сағат 20:00-де Риддердегі ЖЭО-да күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылды. Соның салдарынан 22 мыңнан астам абонент үшін жылу беру азайтылды.