Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Азаматтық авиация комитеті Оман авиациялық билігімен бірлесіп Salam Air әуекомпаниясының тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады. Қазақстан мен Оман арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді, — делінген хабарламада.