Басты бет / Жаңалықтар /
f5af25b0401fa9f1c80e91c5e152a2bf Nickelodeon: қазақ тіліндегі мультсериалдар топтамасы
Фото: Time.com

Nickelodeon: қазақ тіліндегі мультсериалдар топтамасы

6 жасқа толмаған балаларға арналған мультсериалдар

“Сантьяго мен оның теңіздері”

4bbbcfdf1be91ffdb40544397c792b41 Nickelodeon: қазақ тіліндегі мультсериалдар топтамасы
Фото: Cartonionline.com

Сантьяго Монтес капитан Калавераның компасын тауып алады. Калавера — аты аңызға айналған қарақшы. Бұл құрылғы оған Эль Браво кемесін басқаруға мүмкіндік береді. Сантьяго достарымен бірге Кариб теңізінің қақ ортасына қазына іздеп барады. Кейіпкерлер жол бойы мұқтаж жандарға көмектесіп, жанашырлықтың маңызын түсіндіруге тырысады.

“Бульканың іздері”

Мультсериал 1996 жылы шыға бастады. Содан бері жыл сайын мектеп жасына дейінгі балаларға арналған танымдық туындылар арасында үнемі үздік бестікке кіріп келеді. 

10dd3f7c627874367486336edbe7e319 Nickelodeon: қазақ тіліндегі мультсериалдар топтамасы
Фото: Karusel–tv.ru

Туынды сюжеті бойынша Стив кішкентай көрермендер көмегімен иті Булька қалдырған табан іздерін іздейді. Оны тапқан соң Стив ұзақ отырып, Бульканың не айтқысы келетінін ойланады. Стивпен бірге ойлана отырып, көрермен балақайдың сараптама жасау қабілеті де дами түседі. Бұған қоса балалар мультсериал кейіпкерлерімен бірге пішіндер, түстер, сандар және басқа да көптеген қызық зат туралы біледі. 

“Орман құтқарушылары”

6e82abc447791c09cc560dd3ac4f4399 Nickelodeon: қазақ тіліндегі мультсериалдар топтамасы
Фото: Kinorium.com

Кая, Лоли, Бобби және Рэмми деген бұғылардың негізгі миссиясы — орталық орман мен Платинум-Сити мегаполисінің тұрғындарын кәсіпкер сэр Стил мен оның көмекшісі профессор Скретчиден қорғау. Өйткені олардың ақылға қонымсыз идеялары басқаларға қауіп төндіреді.

Мультсериал кейіпкерлері жанашырлықтың, бір-біріне көмектесу мен ұжымдық жұмыстың қаншалық маңызды екенін дәлелдейді.

6 жастан асқан балаларға арналған мультсериалдар

“Тынымсыз балақайлар”

f5af25b0401fa9f1c80e91c5e152a2bf scaled Nickelodeon: қазақ тіліндегі мультсериалдар топтамасы
Фото: Time.com

Жобаның әр сериясы — жеке аяқталған оқиға. Көрермен төрт кішкентай достың — Томмидің, Чакидің, Фил мен Лилдің шытырман оқиғаларын бақылай алады. Мультсериал кейіпкерлері ата-анасы ас үйде демалып отырғанда үйден шығып кетіп, үнемі шытырман оқиғаға тап болады. Туындының басты кейіпкерлерінің бірі Томми батыл, әділ. Ал балалардың арасындағы ең үлкені Анджелика, керісінше, кірпияз және өзімшіл. Кішкентай көрермен кейіпкерлердің қиындықтан қалай жол тапқанын бақылай отырып, адамның мінез-ерекшеліктерін де жақсырақ түсіне алады.

“Элвин мен алақоржындар”

6ae677e5180d6c137cdafbd80d114b0c Nickelodeon: қазақ тіліндегі мультсериалдар топтамасы
Фото: Cartoongoodies.com

Композитор Дейв Севилдің (Джейсон Ли) өмірі кейінгі жылдары күрт өзгеріп, сәтсіздікке ұшыраумен болды. Әншілердің бәрі ол жазған туындыларды орындаудан бас тарта бастайды. Бір күні композитордың үйіне кенет сөйлей алатын үш алақоржын келеді. Алғашында аса тіл табыса алмағанымен, кейін композитор алақоржындар ән айтса, керемет топ болатынын түсінеді. Дейв Севил оларға арнап ән жазып, алақоржындар хит шерулер жұлдызына айналады. 

“Коралл” лагері: Губка Бобтың балалық шағы”

15fa4ca28898cc5e7e57cccb769a687c Nickelodeon: қазақ тіліндегі мультсериалдар топтамасы
Фото: Decider.com

Балалардың сүйікті мүльткейіпкерлерінің бірі шаршы Бобтың балалық шағы туралы мәлімет аз. Ал “Коралл” лагері: Губка Бобтың балалық шағы” сериалы — сары кейіпкердің су асты әлемімен енді ғана таныса бастаған кездегі жарқын естеліктері туралы туынды. Оқиға баяғыда болғанымен авторлар мұның бәрі шындық екенін айтады. Туынды сюжеті бойынша төртбұрышты шалбар киген Боб лагерьде достарымен кәмпиттерді кім ұрлап жатқанын зерттейді, поке ойнайды, қазына іздейді. Мұхитасты өмірді көрсететін қысқа эпизодтар бала көрерменнің қиялын шыңдай түсері анық.

12+. Мектеп жасындағы балаларға арналған сериалдар

“Қауіпті Генри”

f8adf0b5343d2ab6d13cffa0ec0619df Nickelodeon: қазақ тіліндегі мультсериалдар топтамасы
Фото: Foxtel.com

13 жасында Генри Харт (Джеймс Норман) капитан Мэн деген қатал суперқаһарманның көмекшісі болады. Бала капитанмен бірге бастан кешкен оқиғалары жайлы ешкімге айта алмайды. Бірақ өзі сол шытырман оқиғаларды ерекше жақсы көреді. Генри көмекші болу мен мектептегі оқуды қатар алып жүруге мәжбүр. Түрлі қиындыққа тап болған Генридің оқиғасы баланың ойлау қабілетін жетілдіре түседі.

“Хантер стрит”

b276efeca81c8cad5537b4a7548306c0 Nickelodeon: қазақ тіліндегі мультсериалдар топтамасы
Фото: Pinterest.com

Бес жасөспірімнің ата-анасы Эрик Хантер мен Кейт Хантер зәулім үйде тұрады. Көп ұзамай бұл отбасына Амстердамдағы балалар үйінде өскен Макс қосылды. Ол бірнеше рет патронаттық отбасында болған. Бірақ ересектер одан үнемі бас тартатын. Бұл жолы жағдай басқаша болды. Макс толық отбасы, бауырлары пайда болғанына қуанып жүргенде кенет Эрик пен Кейт жоғалып кетеді. Үйде жалғыз қалған жасөпірімдер жоғалған ата-анасын іздеу үшін өзінше жоспар құрып, зерттеуге кіріседі.

“АйКарли”

8bea96698f18b4a30cc41a2151c51995 Nickelodeon: қазақ тіліндегі мультсериалдар топтамасы
Фото: Amazon.com

Оқиға өзіне сенімді жасөспірім Карли Шей туралы. Сэм және Фредди деген достарымен бірге Карли жастарға арналған “АйКарли” ойын-сауық уеб-шоуын ашады. Олардың бұл жобасы сәтті шығып, авторлардың танымалдығы күннен-күнге арта түседі. Сериал бойынша Сэм мен Фредди үнемі сөзге келісіп қалады. Ал Карли оларды қалай татуластыруды ойлап бас қатырумен болады. Бұл — достық жайлы керемет туындылардың бірі.

Мақала туралы ойыңыз?