Басты бетЖаңалықтарАлматыда қоқысты...

Алматыда қоқысты сұрыптап жинауға не кедергі?

Қатты тұрмыстық қалдықтар не үшін сұрыпталмай жатыр?

Елімізде қалдықты бөлек-бөлек жинау қажет екені туралы нақты жазылған жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Бірақ қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) іс жүзінде сұрыпталмай жүр. Бұл экологиялық проблеманы шешу тек мемлекеттік органдар мен қалдықты жинаап, қайта өңдейтін кәсіпорындарғаа емес, сол қалдықты шығаратын халыққа да байланысты.

Сонымен қатар қалалардағы, әсіресе Алматы сияқты халқы тығыз орналасқан қаладағы қоқыс көлемі халық саны және оның әл-ауқаты, демек, оның тұтыну көлемі өскен сайын артып жатыр. Ресми статистика бойынша, Алматы халқы 2022 жылғы 1 қыркүйекте екі миллионнан асты. Мегаполисте қоқысты 20-дан астам қоқыс шығаратын ұйым жинап шығарады.

Осы қызметтердің 70%-ін «АҚ Тәртіп» ЖШС ұсынып отыр.

Бұл кәсіпорын мамандарының айтуынша, халық қоқысты сұрыптап жинамайтындықтан ҚТҚ-ның шамамен 15%-ін ғана өңдей алады. Сөйтіп құнды фракциялар дымқыл қоқыспен ластанып, өңдеуге жарамсыз болып қалады.

Негізінде, мегаполис бүгінде үлкен эксперимент алаңына айналды. Бұл қалада қоқысты бөлек жинаудың жетістігі мен сәтсіздігі оны елдің барлық қаласында тезірек енгізуге көмектеседі.

2022 жылғы қыркүйек-желтоқсан аралығында PlastNet пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу желісінің мамандары Алматыдағы жүзден аса ірі тұрғын үй кешенін аралап шықты. Оның 36-сында қоқысты бөлек-бөлек жинайтын болып «АҚ Тәртіп» ЖШС торлары орнатылды.  Тағы 31 тұрғын үй кешені қоқысты бөлек жинайтын болды, оның ішінде жетеуінде торлар орнатылып, мониторинг бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Қалған 41 тұрғын үй кешенінде қызметкерлер мен жабдықтар (торлар, машиналар) жетпей торларды орнату мүмкіндігі жоқ және торларды контейнер алаңына орнату мүмкіндігі болмай отыр.

Сонымен қатар күн сайын қайта өңделетін құнды материал жоғалады: үлкен тұрғын үйлерде пластик жинауға арналған екі торлы контейнерден бір айда шамамен 50 келі жылына жарты тоннадан астам пластик қалдығы алынады. Қайта өңделетін және органикалық қоқыстар қоқыс таситын жалғыз көлікпен алып кететін жағдайды сирек көретін болдық. Бұл — қуанышты жағдай.

Эксперттердің алдын ала есептеуі бойынша, екі миллион адам тұратын қаланың барлық ірі тұрғын үй кешенінде қоқыс пен пластикті бөлек жинау жүйесі енгізілсе, жылына 60 тоннадан астам қайта өңделетін қалдық жиналады. Бұл — бір ғана қала ішінде қоршаған ортаны қорғауға қосқан елеулі үлес.

Алматының тұрғын үйлеріне контейнер орнатқанда тұрғындарға нені түсіндіру қажет?

Торлы контейнерлер орнату — қалдықты экологиялық жолмен жинау проблемасын шешетін жалғыз қадам. Бірақ тұрғындар бұған әдеттенбесе, ол нәтиже бере қоймайды. Өте жиі кездесетін жағдай мынадай: қалдықтарды жинаушы ПИК/МИБ тұрғын үй аумағында торлы контейнер орнатуға келіседі. Бірақ тұрғын үй кешені әкімшілігі бұл туралы тұрғындарды хабардар етпейді, оларға сұрыптап жинау мәдениетін сіңіру үшін ешқандай шара қолданбайды. Нәтижесінде тұрғындар сұрыпталмаған қалдықты торға тастай береді, ал жинаушы оны аумақтан шығарады. Көбіне қалдықтардың белгілі бір түрін өңдеушімен ынтымақтасатын жинаушы компания ПИК-пен/МИБ-пен қалдықтың тек өзі жинайтын қоқыс түрін әкетуге келіседі. Көп жағдайда мұндай қоқыс түрі — пластик.

Ең дұрысы, қалдықтардың төрт түрін сұрыптау үшін бөлек контейнерлер қажет: темір, пластик, шыны және макулатура. Бірақ орын мен ресурс жетпейтінін ескерсек, төртеуінің орнына ең болмағанда бөлек сұрыпталатын бір контейнер қойған жөн.

PlastNet желісі — қайырымдылық жобасы, оның мақсаты — Қазақстанда пластик қалдықтарын жинау мен қайта өңдеуді арттыруға ықпал ету. Желінің мүшелері — осы сектордағы жүзден астам мамандандырылған ұйым мен қалдықты шығаратындар. Былтыр қыркүйек айынан бастап желі Алматыдағы тұрғын үй кешендерімен белсенді жұмыс жүргізе бастады, бұл үшін тіпті жеке қызметкер жалданды. PlastNet тұрғын үй кешендеріне лайық қоқыс жинаушыны табуға және ұзақмерзімді келісімшарт жасауға, жинаушы қоятын торлы контейнер үшін қолайлы орын табуға, тұрғындарға қоқысты дұрыс сұрыптауды үйретуге көмектеседі.

Қоқыс шығаратын компаниялардың міндеті — контейнерлерде жинақталған қалдықты уақтылы шығару.

EcoWorld қайта өңделетін шикізатты жинау және әкету жөніндегі компанияның директоры Нұржан Шымғамбаев бұл сала бәрінің қолынан келе бермейтін, кадрлар жиі ауысатын сала екенін айтады. Бұл аз десеңіз, контейнерлер жетіспейді әрі оларға сұраныс көп.

Демек, халық қоқысты сұрыптауға ұмтылады, бірақ арнайы жабдықтың жетіспейтіні кедергі келтіреді.

Нұржан Шымғамбаевтың айтуынша, сұрыптап жинауға арналған контейнерлер орнатылған кешен тұрғындары біртіндеп органикалық қоқыстарды пластиктен, әйнектен және тағы басқасынан бөліп үйренеді.

Біртіндеп адамдар қоқысты бөлек сұрыптау не үшін қажет екенін, оның қоғам мен ғаламшарымызға қандай пайда әкелетінін түсіне бастады. Бүгінде Алматыдағы бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылған аудан тұрғындарының сана-сезімі өсті.

Тұрғындар аралас қоқысты тастайтын қиындыққа тап болдық. Өйткені олар сұрыптау ережесін білмейді, кездейсоқ органикалық заттарды тастайды. Содан кейін өзіміз сұрыптауымызға тура келеді. Бұл жағдай көп қиындық тудырады. Сонымен қатар торлы контейнерлерді ұрлап кеткен, кейбір тұрғын өрт қойған жағдайлар да болды. PlastNet желісі бізге бұған жол бермеуге көмектесіп, тұрғын үй аумағында сенімді алаң береді, — дейді Нұржан Шымғамбаев.

Қоқысты сұрыптап, жинауға мемлекеттің қолдауы қажет

Алматы тұрғын үй кешендерімен жұмысты табысты жүргізу үшін желі мамандары алдын ала шара қолданып жатыр. Мысалы, контейнер алаңы екі талапқа сай болуы керек: кіріп-ғытаын жол ыңғайлы болғаны дұрыс және бұл аймаққа видеокамера орнатылуы қажет. МИБ-тен немесе тұрғын үй әкімшілігінен елі мен арнайы кәсіпорын өкілдері егжей-тегжейлі нұсқау беретін жауапты адам контейнерлер қаншалық толғанын қадағалайды. Тұрғын үй аумағында қалдықты сұрыптап жинау жүйесін енгізудің маңызды кезеңдерінің бірі — түсіндіру жұмыстары. Мұнымен желі қызметкерлері мен серіктестері айналысады.

Айта кетейік, бұл — эко-белсенділердің бастамасы, ал PlastNet — қайырымдылық қоры қаржыландыратын әлеуметтік жоба. Бірақ барлық кезеңде мемлекет пен мемлекеттік органдардың қолдауы қажет. Себебі мұнда әңгіме ірі және орта бизнеске экосананы енгізу туралы болып отыр. Тұрғын үй кешендерімен жұмысқа әкімдіктер белсенді араласуы керек, өйткені Экологиялық кодекс бойынша, бөлек алымды енгізу — олардың тікелей міндеті және оған бюджеттен қаражат бөлінуге тиіс.