Неге айнаға қарап суретке түсуге болмайды?

Ғалымдардың айтуынша, айна осыдан 7 мың жыл бұрын пайда болған. Шыны айналар пайда болмай тұрып, адамдар  қайралған металдар мен тастардан өз бейнесін көрген.

Айнаның ресми пайда болуы туралы ақпарат 1279 жылы тіркелген. Француз Джон Пек алғаш рет қорғасынның жұқа қабатымен қапталған шыныны ойлап табу арқылы айнаның жаңа дәуірін жасады.

Айна пайда болған күннен бастап оның магиялық қасиеттері туралы әр түрлі аңыз-әңгімелер тарады. Алғашында қолжетімді болмаған соң, айна тек ақсүйектердің үйінен табылатын мүлік болған.

Аңыздардың айтуынша, айна — адам жанының, рухының бейнесін көрсете алатын құрал. Сиқыршылар  айна арқылы небір қасиеттерге ие болған көрінеді.

Айна энергия жұтатын қасиетке ие. Физикалық тұрғыдан алып қарағанда да, шыны арқылы энергия өндіруге болатыны дәлелденген. Айна жағымды да, жағымсыз да энергияны жинай алады. Ал фотоаппараттың жарқылы (вспышка) айнадағы энергияны өз бойына тартып алуы мүмкін. Кейін бұл энергиялардың толқыны сізге және сізді қоршаған ортаға тарап кетуі ықтимал.

Адам айнадан өз рухын көре алады. Демек, айнадағы суретке сіздің тәніңіз емес, жаныңыз түседі. Фотоаппарат та айналық (зеркальный) құрылғы болып табылады. Рухтың суретін қайта айнаға түсіру арқылы оны шошытып алуыңыз мүмкін.

Үйден шығып кетіп, бір нәрсені ұмыт қалдырғаныңыз есіңізге түсіп, үйге қайтып келген соң айнаға қарауды ұмытпаңыз. Әйтпесе, сәтсіздік қыр соңыңыздан қалмай қоюы мүмкін. Бұл ырымды естіген бе едіңіз?

Ал қайтыс болған кісінің үйінде барлық айнаның бетін жауып қояды. Бұл өлген адамның рухы айнаға кіріп кетпеуі үшін жасалады.

Айнаға қарап ұйықтауға болмайды. Бұл адамның тез қартаюына әкеп соғады. Шағылған айнаға қараған адам сұлулығынан айырылады дегенді де жиі естиміз.

Бір жасқа дейінгі балалардан айнаны аулақ ұстаған жөн. Бұл баланың дамуын тежеуі мүмкін және айнаға қараған бала қорқақ, жасық болып қалады дейді білетіндер.

Кейбір халықтарда айнаға қарап отырып тамақтанған адам өз бақытын жейді деген наным бар.

Бұл пікірлермен келісіп-келіспеу — өз еркіңізде. Алайда, айнадан абай болған абзал.