Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда азық-түлік...

Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 25,7%-ке өсті

Energyprom.kz мәліметінше, бір айда елорда мен Шымкентте 2,2% деңгейіндегі елеулі өсім байқалды. Сонымен қатар бағаның айтарлықтай өсуі Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында да тіркелді.

Жылдық көрсеткіш бойынша ең жоғары өсім Маңғыстау облысында болды, яғни азық-түлік тауарлары 31,5%-ке қымбаттады. Мұнымен қоса, осы үштікке Түркістан облысы (плюс 27,4%) және Шымкент қаласы (плюс 27,2%) кірді.

Жемістер мен көкөніс жылдық динамикада 21,2%-ке қымбаттады. Сүт өнімдерінің бағасы бір айда 1,2%-ке, ал бір жылда 32,4%-ке көтерілді.

Ет және ет өнімдері бір айда 0,5%-ке, жыл ішінде 16,9%-ке қымбаттады. Атап айтқанда, ұн бағасы бір жылда 42,8%-ке, нан — 19,2%-ке, макарон өнімдері – 42,3%-ке, жарма 35,1%-ке өсті.