Басты бет Жаңалықтар Балабақшаға жолдама электронды түрде берілетін болды

Балабақшаға жолдама электронды түрде берілетін болды

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінен Астана қаласында мемлекеттік балабақшаларға жолдамалар www.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде берілетінін хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Электронды жолдаманы алу үшін сізге 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін мынадай шарттарды орындау керек:

1) электрондық-сандық қолтаңбаны алу (ол үшін ХҚКО «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ жүгіну қажет);

2) өтінім берушінің электрондық-сандық қолтаңбасы (жеке кабинетке кіру) арқылы www.astana.kz жүйесінде тіркелу;

3) өтінім берушінің жеке кабинетінде байланыс мәліметтерін көрсету немесе өзгерту (электрондық пошта, ұялы телефон нөмірі, жақын жердегі балабақшаны анықтау үшін тұрғылықты мекенжай) қажет.

Айта кетейік, байланыс мәліметтері Сіздің кезегіңіз келгені жайлы хабардар ету (хабарлама, ескерту хат) үшін керек. Жолдамалар кезекке сәйкес қолданыстағы балабақшалардағы бос орындарға беріледі.

Астана қаласы бойынша барлығы 8412 бос орын бөлінеді.

Сіз толыққанды нұсқамамен e.astana.kz жүйесінде http://ises.astana.kz/DayCareQueueService/Instruction сілтемесімен өту арқылы таныса аласыз.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version