Бұл туралы Талдықорған әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол – 2018 жылы логистикалық шығынды азайту және тауарды уақтылы жеткізу мақсатында темір жол орыны және бірнеше локомативі бар «Темір Серік» ЖШС сатып алынған. ЖШС-ның 100% акциясын 440 миллион теңгеге сатып алынған соң бір жылдан кейін акционерлермен келіспестен зауыттың бұрынғы директоры оны 60 миллион теңгеге қайтадан сатып жіберген, — делінген хабарламада.
«Қайнар-АКБ» ЖШС бас директорының орынбасары, экономикалық қауіпсіздік қызметі басшысы Шарханбек Іңкәрбеков зауыттың бұрынғы басшылары тарапынан кәсіпорынға «шабуыл» жасалып отырғанын айтады. Соның салдарынан өндіріс өнімділігі төмендеп бара жатқанын да жеткізді.
Соттың заңсыз шешімі салдарынан кәсіпорын үлкен шығынға ұшырағалы тұр. Себебі, қаламыздағы дайын тауарымызды тасымалдап келе жатқан темір жолға қатысты мекемеміз әділетсіз сот шешімі салдарынан жекенің қолына өтпекші. Мұндай жағдайда зауыт үлкен шығынға батады. Мұның ақыры жұмысшылардың жалақысының азаюына әкелуі мүмкін, — дейді Шарханбек Іңкәрбеков.
Оның айтуынша, темір жол торабы зауытта өндірілген аккумуляторлардың өзіндік шығынын азайтып, тез жеткізу нысаны болған. Егер ол басқа адамның қолына өтіп кеткен болса, онда ертеңгі күні бізден алушыларға тауарымыз белгілі бір процентке қымбаттап барады. Ал бізден алатын дүкендер басқа мемлекеттік арзан тауарын таңдап кетуі мүмкін. Тағы бір себеп — жеке тұлғаның қолында болған соң темір жол торабының күтімі де сай болмайды.
Бұрынғы иесінде болған кезде жол апаты жылына төрт рет болған болса, зауыт қарамағына өткен соң бірде бір апат болмаған. Өйткені зауыттың мұндай үлкен нысанды қаржыландырып, қауіпсіздік ережесін сақтауға мүмкіндігі бар. Ал жекелеген адамдарда болса, онда стратегиялық тұрғыда Талдықорған қаласына тиімсіз. Барлық қажетті заттар сол темір жолмен келеді. Қаланың ең ірі жалату қазандығы «Басқуатқа» көмір келсе, ең аяғында коммерциялық азық-түлікке дейін уақытылы келмей қалу қауіпі бар.
Осыдан кейін кәсіпорынның қазіргі басшылары аталған мәселеге байланысты құзырлы органдарға шағымданып, қылмыстық іс қозғалғанын айтады. Қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр.