Басты бетЖаңалықтарЖұмыссыздарға тегін...

Жұмыссыздарға тегін курс ашылды

Атырау өңірінде баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру мәселесі бойынша жұмыстар бастау алды. Аталған колледжде жастар заманға сай ха­лық­аралық дәрежедегі электр­­ маманы, дәнекерлеуші, құбыр мон­таж­даушы және ұста ма­ман­дықтарын тегін меңгереді. Бұл өз кезегінде мұнай-газ сала­сын­дағы жобаларда білікті отан­дық мамандар қатарын кө­бейтуге мүмкіндік береді.

«Биыл облыс бойынша мемлекет тарапынан 500 жұмыссыз кәсіптік-техникалық бағытта оқытылады», – дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар басқар­масының басшысы Еркін Шпанов.

«ССС» компаниясының президенті Самер Хуридың айтуынша, оқыту барысында мамандар өндірістік қауіпсіздік бағытындағы халықаралық тәжірибелермен бөліседі. Ал үздік бітіріп шыққан жастар компанияның шет елдердегі ірі халықаралық құрылыс нысандарында сынақтан өтеді. Оқыту курстары төрт айға созылады. Жоба аясында жүзден астам азамат бес топта біліктіліктерін арттырып, халықаралық дәрежедегі сертификат иеленбек.

ДереккөзEgemen.kz