25 ақпанда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің алабында айтарлықтай жауын-шашын түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жай-күйіне байланысты Аюсай шатқалынан жоғары жол учаскесі жабылып, Шымбұлақ-Эдельуейс тас жолы бойына да блок бекеттер қойылды, — делінген хабарламада.
Адамдар мен көліктерді ол жаққа жібермес үшін полиция департаментінің 2 экипажы кезекшілікке қойылған.