Ғани Бейсембаев білім беру жүйесінің сапалы дамуына және педагог мәртебесін одан әрі дамыту қажет екенін айтты. Оқу-ағарту министрінің айтуынша, жол картасында білім беру сапасын арттыруға бағытталған 80-нен аса іс-шара қамтылған.
«Білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кадрлық резерві» жасақталады. Резервтегі менеджерлерді «Болашақ» бағдарламасымен шет елде тағылымдамадан өткізу көзделген. Бұдан басқа еліміздің озық тәжірибелі педагогтерінің республикалық базасы құрылады, — деді Ғани Бейсембаев.
Кездесу барысында арнайы білім беру, тәрбие жұмысы, балалардың қауіпсіздігі және инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.