Darkhan Juzz-дің аяқталмаған альбомы қалды. Оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Оның барлық әндерін пайдалану құқығы ұлы Ади мен қызы Айданаға беріледі. Стримингіден түсетін 100% қаражат оның отбасына аударылады. Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін көп жұмыс істеледі. Оның музыкасы мәңгі сақталсын, — делінген хабарламада.
Бұған қоса желіде қазақстандық жас әншілер Дархан Жүнісбековтің екі баласы мен отбасын қолдау үшін көмек жинау басталғанын хабарлап жатыр.
24 ақпанда Пхукет аралында Darkhan Juzz сахналық атымен танымал әнші Дархан Жүнісбеков жол-көлік апатынан қайтыс болды. Сыртқы істер министрлігі мәйітті Қазақстанға жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Кеше кешке Алматы қаласында әншінің жанкүйерлері рухына тағзым етіп, әндерін орындап, еске алу шарасын өткізді.