Тайланд полициясының ақпараты бойынша, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Ол жалға алған мопедімен жол апатына түскен. Консул марқұмның туыстарымен байланыста, Қазақстанға мәйітті жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, — дейді СІМ өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, бүгін қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Әнші Darkhan Juzz лақап атымен танымал еді.