Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
«Ал, бүгін «Келіннің» соңғы көрсетілімі. Тек «Келін» ғана емес, жалпы үнді сериалының. Әзірше, солай шештік», — деп жазған Қарин.
Айта кетейік, біраз уақыттан бері қоғамда үнді сериалдарын ұлттық арнаның эфирінен алып тастау мәселесі айтылып жүрген еді. «Қазақстан» арнасына келген жаңа басшы енді осындай парасатты шешім қабылдап отыр.