Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Марапаттар қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сонымен қатар Түркия Республикасындағы және Сирия Араб Республикасындағы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін берілді.
ІI дәрежелі «Айбын» орденімен:
- Жоламанов Айдын Қарақоржынұлы – төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
- Топанов Құрманғали Сатыбайұлы – Қазақстан Республикасының ұлттық ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасағының кеме командирі.
«Құрмет» орденімен:
- Айтпаев Ардақ Мақсұтұлы – төтенше жағдайлар министрлігі Астана төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары-құтқарушы;
- Сойко Руслан Анатольевич – төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы;
- Цой Владимир Константинович – төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы – құтқарушы.
«Ерлігі үшін» медалімен:
- Алдабекова Алмагүл Амангелдіқызы – төтенше жағдайлар министрлігі апаттар медицинасы орталығы Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері;
- Арифджанов Султан Бахтиярович – төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы;
- Берлыбеков Ерік Берікұлы – төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;
- Горбачев ВиталийЕвгеньевич – төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы-құтқарушы;
- Денисов Дмитрий Анатольевич – төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;
- Қозыбахов Жазылбай Қалдыбайұлы – төтенше жағдайлар министрлігі апаттар медицинасы орталығы Алматы бойынша филиалының басшысы – дәрігер;
- Оразалин Қахарман Нұртасұлы – төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы;
- Сарсембаев Абдолла Валериевич – төтенше жағдайлар министрлігі Астана төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен:
- Хабиболла Берікболсын Нұрболатұлы – Қазақстан Республикасының ұлттық ұланы 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирі.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
- Гудеев Николай Николаевич – «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурманы;
- Оспанқұлов Нұржан Әбдібақиұлы – «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурман-нұсқаушысы.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:
- Қаппасов Наурыз Мерекеұлы – төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы.
Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.