Әділет министрінің бұйрығымен Сандуғаш Абдразаққызы Ерсейітова Қазақстан Республикасы әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.
Сандуғаш Ерсейітова 1977 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Қорғалжын ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының хатшы-машинисті болып бастаған.
1999 ж. Астананың әділет басқармасы Алматы аудандық сотының сот орындаушысы;
1999-2001 жж. – ҚР әділет министрлігі сот қаулыларын орындау комитеті департаментінің сот орындаушысы;
2001-2002 жж. – Астана соттар әкімшісі сот орындаушысының м.а., сот орындаушысы;
2002-2007 жж. – ҚР әділет министрлігі заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің бас маманы; бастығы;
2007-2008 жж. ҚР әділет министрлігі заңнама департаменті азаматтық, әлеуметтік-экономикалық және қаржы заңнамасы басқармасының бастығы;
2008-2016 жж. – ҚР әділет министрлігі заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары;
2016 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР әділет министрлігі заңға тәуелді актілер департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
Бұрын осы қызметте болған Бақыт Шалхарұлы Әбішев берген өтінішіне сәйкес жұмыстан босатылды.