Басты бетЖаңалықтарАлматыда салынып...

Алматыда салынып жатқан әкімшілік орталық сот шешімімен бұзылады

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бостандық ауданындағы төрт қабатты әкімшілік ғимарат Экспериментальная көшесінің солтүстігі мен Ходжанов көшесінің шығысында заңды өрескел бұза отырып салынған. Нысан жоба эскизінсіз салынған, сонымен қатар бекітілген бас жоспардан ауытқулар тіркелген.

Қала құрылысын бақылау басқармасы және меншік иесі арасындағы сот процесі екі жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді.  2020 жылғы 6 наурызда талап арыз Бостандық аудандық сотына жіберілді. Сот ұйғарымымен талап арыз қанағаттандырылып, Алматы сотының 16.10.2020 жылғы ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалды, — делінген хабарламада.

2021 жылғы 13 мамырда мемлекеттік сот орындаушысы меншік иесіне сот шешімін ерікті түрде орындау туралы хабарлама жіберді. Бірақ бұл уақытқа дейін меншік иесі жер телімін басқа жеке тұлғаға сатып жіберген, осыған байланысты сот орындаушысы қаулыны орындаусыз қайтарған. Өз кезегінде, қала құрылысын бақылау басқармасы жер телімін сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызға бастамашы болды. 27.01.2022 жылы сот шешімімен мәміле жарамсыз деп танылды, Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалды.

Атқару парағы Алматы әділет департаментіне 2022 жылғы 5 мамырда жолданған. Нысанды бұзу 09.08.2022 жылға жоспарланған болатын. Бірақ сот орындаушысының әрекетіне шағымдануын ескере отырып, бұзу жұмыстары жүргізілмеген. Одан әрі жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты үшінші тұлға Алматы қалалық сотына бұзу туралы шешімге апелляциялық шағым түсірді. Алматы қалалық сотының шешімімен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалды, — делінген хабарламада.

Бүгінгі күні орындау Алматы әділет департаментінің өндірісінде, сот орындаушысымен нысанды бұзу мерзімі әлі белгіленбеген.