Басты бетЖаңалықтарТоқаев Шымкент...

Тоқаев Шымкент әкіміне әлеуметтік мәселелерді шешуді тапсырды

Мемлекет басшысына үшінші мегаполистің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

Мұрат Әйтеновтің айтуынша, былтыр қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13,8%-ке артып, 549,4 миллиард теңгеге жетті.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 110 мыңнан асты. Жалпы өңірлік өнім көлемінің 40,7%-і осы саладағы кәсіпкерлерге тиесілі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қаланың даму перспективасын ескере отырып, жаңа бас жоспар бекітіледі. Президентке жыл соңына дейін қала төңірегіндегі аудандардың тұрғындары ауызсумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етілетіні туралы баяндалды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкентте 25 мектеп салу жоспарланған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновке әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сонымен қатар Шымкентті одан әрі дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.