Бұған дейін мемлекет басшысы Түркияға барған құтқарушылардың бәрі марапатталатынын айтқанын білесіздер. Төтенше жағдай министрлігі құтқару операциясына қатысқан азаматтардың тізімі мен құжаттарын президент әкімшілігіне жолдады. Ал ақшалай сыйақыны министрлік өз бюджетінен береді. Бәріне төленеді, — деді вице-министр.
Сонымен қатар ол Түркиядағы қазақтандық құтқарушылардың соңғы легін өзі ертіп елге қайтқанын айтты.
18 ақпанда бірінші топ, 19 ақпанда екінші топ елге ұшып шықты. Соңғы топты өзім ертіп шықтым. Қазір Түркияда қазақстандық құтқарушылар қалған жоқ, — деді Ибрагим Күлшімбаев.