Алматы ТЖМ сайтында жарияланған ресми мәлімет бойынша, бұл пункттер уақытша тіркеуге, зардап шеккен халықты қажет заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз етуге, көлікке отырғызуға және қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға арналған.
Зардап шеккен халықты қабылдау пунктері туралы толық ақпарат 2ГИС картасында, Алматы ТЖД мен әкімдіктің ресми сайтында жарияланған. Бұған қоса QR коды бар ақпараттық тақтайшалар әзірленген. Сканерлеп, жақын маңдағы зардап шеккен халықты қабылдау пунктеріне эвакуациялау бағыттарын анықтауға болады.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында мегаполистің барлық тұрғын үйінің (екі және одан да көп қабаттардың) қасбетіне (10 мыңға жуық үй) осындай тақтайшалар қағу жоспарланған, — делінген хабарламада.