Басты бетЖаңалықтарСенат әскери...

Сенат әскери полиция органдарының қызметіне қатысты құжатты мақұлдады

Заң әскери полиция органдарының қызметін жетілдіру мақсатында әзірленді. Құжат аясында әскери полиция органдарының күштік ведомстволарға бағыну тәртібі, олардың өзара және басқа да мемлекеттік органдармен іс-қимыл жасау тәртібі реттеледі.

Әскери полиция органдарына қарулы күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, әскери қызметшілерді қамаққа алу, әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны, сонымен қатар қоғамнан уақытша оқшаулаудың өзге де шараларын орындау бойынша міндеттер жүктеледі. Заңда әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің күшін, арнаулы құралдарды, қаруды қолдану мәселелері, сонымен қоса олардың кадрлық құрамы және әлеуметтік қамсыздандырылу мәселелері реттеледі, — делінген сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мәліметінде.