Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448-451 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 448-452 теңге аралығында құбылып тұр.
22 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 03 теңгеге қымбаттап, 446,86 теңге болған.
Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы бойынша, 1 доллар — 446, 60 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,96 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,85-6,1 теңге аралығында, Астанада 5,91-5,96 теңгеден сатылып жатыр.