«Теңізшевройл» былтыр мердігер компанияларында болған апаттарға түсінік берді

Алматыда мұнай өндіретін "Теңізшевройл" компаниясы 2022 жылды қорытындылады. Жиында компанияның бас директоры Кевин Лайоннан былтырғы апаттар немен біткенін сұрадық.

Айта кетейік, 2022 жылғы тамызда Атырау облысындағы «Теңізшевройлдың» кен орнында бір жұмысшыны шланг соғып қайтыс болған еді. Бұған дейін былтырғы  шілдеде гидросынақ жүріп жатқанда екі жұмысшы қайтыс болып, үшеуі жарақат алған еді. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қайтыс болған азаматтарға материалдық көмек берілетінін мәлімдеген еді.

Біз жиында компания басшысынан екі апатта да қайтыс болған азаматтардың отбасына өтемақы төленген-төленбегенін сұрадық.

«Теңізшевройлдың» бас директоры Кевин Лайон бұл оқиғаның бәрі мердігер компанияларда, яғни кен өндіретін орынның құрылысын салатын компанияларда болғанын айтты.

Былтыр Атырау облысындағы мердігер компанияларда 6 шілде мен 24 тамызда апат болып, үш адам қайтыс болды. Біз қайтыс болған адамдардың отбасына көңіл айттық. Бірақ бұл қызметкерлер бізде емес, мердігер компанияларда жұмыс істеді. Осы оқиғалардан кейін біз біртұтас ТШО («Теңізшевройл» — ред.) қауіпсіздік бағдарламасын енгіздік. Әр азамат күнделікті жұмысынан кейін үйіне аман-есен оралуы керек. Қайтыс болған азаматтардың отбасына мердігер кмопаниялар өтемақы төледі, — деді ТШО басшысы.

Оған қоса былтыр Атырау облысы Жылыой ауданы тұрғындары ТШО экологияға келтіріп жатқан зардабы үшін өтемақы төлесін деген еді. Кевин Лайоннан бұл проблема қалай шешілгенін сұрадық.

Біз былтыр Атырау облысынан ТШО кеңсесін аштық. Бұл компанияның сол жердегі қызметкерлерімен әрі жергілікті тұрғындармен тікелей байланыс жасау үшін керек. Экологиялық көрсеткіштерді жақсарту керек екенін білеміз. Дегенмен аймақ тұрғындарына өтемақы төлеу басты назар аударатын нәрсе емес. Біз Қазақстан Республикасы заңы аясында жұмыс істеп келеміз, — деді ол.

2022 жылы ТШО екі мың қызметкерді қысқартқаны туралы жаңалық қоғамда резонанс тудырған еді. Шын мәнінде жұмыстан қанша адам шықты? Бұл сұраққа компания басшысы жауап берді.

Әуелі ТШО-дағы құрылыс пандемия кезінде де тоқтамағанын айтып өтейін. Демобилизация кезінде де жұмысшыларға қосымша қаржы төлеп тұрдық. Мердігер компаниялар жұмысын аяқтаған соң қызметкерлерді демобилизациялау процесі жүріп жатыр. Былтыр 20 мыңнан астам адам жұмыстан шықты. Енді бұл азаматтар ТШО-дан тыс жерден жұмыс табуы керек, — деді Кевин Лайон.

Дегенмен мұны сонша адам жұмыссыз қалды деп түсінбеу керек. Бұл қызметкерлер ТШО-дағы құрылыс кезінде жұмыс істеді. Бір құрылыс аяқталған соң соған қатысқан адамдар жұмыстан шығады, сосын басталып жатқан жаңа құрылысқа ауысады.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Шетелдегі қазақстандықтарға арналған соңғы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады

Калифорнияның Сан-Франциско қаласында Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне депутаттарды сайлау аяқталды.

Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша мәжіліске алты партия өтті

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісін сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады.  

Бас прокуратура тыныштық күніне қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокуратура 19 наурызда өтетін мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күні талаптарын еске салды.

Sapar мобайл қосымшасы іске қосылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ҚазАвтоЖол" компаниясымен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және кері байланысты жақсарту мақсатында Sapar мобайл қосымшасын әзірледі.

БҚО-да дауыс беруге келгендерді ұлттық киім киіп, ән шырқап қарсы алды 

Оралдағы №473 және №415 учаскелер сайлаушыларын ұлттық киіммен күтіп алды.

Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты

"Қазгидромет" РМК синоптиктері мереке күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Хабарламаға сәйкес, еліміздің басым бөлігі антициклон сілкінісінің ықпалында болады. Күн ашық және жылы болуы мүмкін.