Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы Конституциялық сот төрағасын қабылдады

Кездесу барысында президентке Конституциялық сот өз жұмысын бастағаны, өкілетін жүзеге асыруға кіріскені, сонымен қатар биылғы 1 қаңтардан бері азаматтардан келіп түскен өтініштер жөнінде мәлімет берілді.

Эльвира Азимова конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық іс жүргізудің барлық сатысының ашықтығын және Конституциялық сотқа жүгіну тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз етудің, сонымен бірге Ата заңның сақталуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті.