Өрт жатақхананың екінші қабатындағы пәтерлердің бірінен шыққан.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі өрт шыққаны жайлы хабарлама 19 ақпанда сағат 09.59-да түскенін хабарлады.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті арқасында Respihood құтқару қалпақшасы және баспалдақ маршы арқылы 20 адам құтқарылды, оның ішінде төртеуі — бала, — делінген хабарламада.
Дәліз түріндегі бұрынғы жатақханада жоғарғы қабаттарды түтін шарпыған. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен үш техника жұмылдырылды. Өрт 10.21-де оқшауланып, 13 минуттан кейін толығымен өшірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.