Басты бетЖаңалықтарМихаил Козачков...

Михаил Козачков үй қамаққа ауыстырылды

Kozachkov offside Telegram-каналының авторы және «Время» газетінің журналисі Михаил Козачковтың бұлтартпау шарасы өзгерді. Бұл туралы «Әділ сөз» қоры хабарлады.

Михаил Козачков үй қамаққа ауыстырылды.

Еске салайық, 2022 жылғы 18 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі Kozachkov offside Telegram-каналының авторы және «Время» газетінің журналисі Михаил Козачковтың қамауға алынғанын, оны «Елдос Қоспаев ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектесті» деген күдікке ілінгенін хабарлаған еді.

Ал 2022 жылғы 20 желтоқсанда журналист екі айға қамалған еді.

2023 жылғы 30 қаңтарда журналисті қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзарды.