Басты бетЖаңалықтарАстанадағы құтқарушылар...

Астанадағы құтқарушылар қайтыс болған әріптестерін еске алды

Қайтыс болғандардың құрметіне «Құтқарушылар» саябағындағы мемориалға гүл қойып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

13 жыл бұрын астаналық гарнизонда орны толмас қайғы болды — үш қызметкер өрттен қайтыс болды. Әуелі бір өрт сөндіруші жоғалып, сол жоғалған қызметкерді іздеуге кеткен екі құтқарушы қайтып келмеді. Олар — полковник Валерий Михайлович Зайцев, Саят Абеев, Руслан Кәкішев. Бұл оқиға 2010 жылғы ақпанда болған. Ол кезде қаладағы бұрынғы бомбопана ғимараты өртенген еді.

Құтқарушылар әріптесі Асқар Забикулинді де еске алды. 2022 жылғы қарашада қаладағы биік қабатты үйдің бірінде өрт болды. Асқар Забикулин адамдарды өрттен құтқарамын деп қайтыс болды.

Еске алу іс-шарасына гарнизон басшылығы, қызметкерлері, АҚО ардагерлері қатысты.