Басты бетЖаңалықтарАлматыға бағаны...

Алматыға бағаны тұрақтандыру бағдарламасы бойынша азық-түлік наурызда жеткізіледі 

Ерболат Досаевтың айтуынша, негізгі өнім бағасының қымбаттауына шектеу қойып,  тұрақтандыру күзде басталды. Маусымаралық кезең үшін арнайы шарт жасалды.

Алматыда бағаны тұрақтандыруға 15 млрд теңге көлемінде ең көп қаржы бөлінді. Көктемде наурыз айының ортасынан бастап азық-түліктің алғашқы партиясы келеді. Бұған қоса Ақсу қант зауытымен 2,6 млрд теңгеге шарт жасастық. Жазда қант бағасы өспейді деп ойлаймын. Нанның бағасы бұрынғыдай қалады, өйткені біз оны субсидиялаймыз, жергілікті бюджеттен қосымша ақша бөлдік, — деді әкім.

Ерболат Досаев азық-түлікке жатпайтын тауарларға, соның ішінде жалпы геосаяси жағдайға және жеткізу тізбегінің бұзылуына байланысты бағаның өсіп келе жатқанын айтты.