Мемлекет басшысы кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу, оларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бюджеттеріне аудару тәртібінің сақталуына бірлескен бақылау шараларын өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, — делінген хабарламада.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі кедендік төлемдерді бөлуді тексеру тәртібін реттейді.
Құжат халықаралық шарт деңгейінде бірлескен бақылау шараларын жүргізу тәртібін, кезеңдері мен мерзімдерін, анықталған бұзушылықтарды жою тетігін, сонымен қатар аудитке қатысушылардың өзара іс-қимылының ұйымдастырушылық мәселелерін бекітеді.