2022-2023 оқу жылы барлық мектепте 31 мамырда аяқталады. 2-13 маусым аралығында 9 (10)-кластар қорытынды емтихан, 5-19 маусым күндері 11 (12)-класс оқушылары мемлекеттік емтихан тапсырады. Бұйрық жобасында қорытынды аттестаттаудың мерзімі де көрсетілген.
- 9 (10)-класс оқушылары үшін: қазақ/орыс тілінде және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе түрінде жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептегі оқушылар үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) уақыты — 2023 жылғы 2 маусымда;
- математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) уақыты – 2023 жылғы 6 маусым;
- орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын кластарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын кластарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) уақыты – 2023 жылғы 9 маусым;
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) тапсыру уақыты – 2023 жылғы 13 маусым;
- 11 (12)-класс оқушылары үшін: қазақ/орыс тілінде және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер/кластар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан тапсыратын уақыт – 2023 жылғы 5 маусым;
- алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан тапсыру уақыты – 2023 жылғы 8 маусым;
- қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан тапсыру уақыты – 2023 жылғы 12 маусым;
- орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын мектепте/класта қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектепте/класта орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан тапсыру уақыты – 2023 жылғы 15 маусым;
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) тапсыру уақыты – 2023 жылғы 19 маусым.
Бұйрықтың жобасы 2 наурызға дейін қоғам талқылауына ұсынылды.