Алматыда 18-24 ақпан күндері конькимен жүгіруден ҚР кубогының финалдық кезеңіне дайындық жүргізілуіне байланысты Медеу мұз айдыны жабылып, жаппай сырғанау тоқтатылады, — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, жарыс жанкүйерлері үшін мұз айдынына кіру ашық болады.
21-24 ақпан аралығында өтетін жеке және командалық біріншіліктің финалына республикалық маңызы бар екі қала мен еліміздің жеті облысының спортшылары қатысады, — делінген хабарламада.