Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Алматы облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полковник Серік Шалхаров өңірде мал ұрлығы дерегін ашумен айналысатын арнайы топтар құрылғанын айтты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ұйғыр, Кеген, Талғар аудандарында, сонымен қатар Қонаев қаласында мал ұрлап, сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталған.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері бірнеше ауданда мал ұрлаған 1993, 1984 және 1983 жылы туған ер адамдарды ұстады. Оларға 16 бас ірі қара мен екі жылқы ұрлады деген айып тағылып отыр, — деді полиция полковнигі Серік Шалхаров.

ҚР қылмыстық кодексінің 188-1 бабы «Мал ұрлығы» бойынша соталды тергеу басталды.