Басты бет Жаңалықтар ҰБТ-дағы шоу-бизнес өкілдері жайлы сұрақтар сынға алынды

ҰБТ-дағы шоу-бизнес өкілдері жайлы сұрақтар сынға алынды

Жақында ғана еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» жаңа жобаны қолға алған еді. Мектеп оқушыларын Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындау үшін газет ішіндегі кітапшаны шығаруды бастаған болатын.

Көрнекі сурет

Асан Әзімханұлы есімді желі қолданушысы Facebook әлеуметтік желісіне газеттің кешегі санында (2017 жыл 1 наурыз, 5-6 беттер) жарық көрген тест сұрақтарын суретке түсіріп жүктеген. Сынға ұшырауына эстрада жұлдыздары жайлы сұрақтардың кірістірілуі себеп болған. Атап айтқанда Баян Есентаева, Ермек Тұрсынов, Нұртас Адамбайдың фильмдеріне қатысты сұрақтар қойылған. Ал спортшылардан Геннадий Головкин жайлы да бар. Бұл сұрақтардың ешбір пәнге еш қатысы жоқ. Желіге жүктеген қолданушы ҰБТ форматының өзгергенін, бұл сұрақтардың «Оқу сауаттылығы» деген жаңа бөлімге саятынын да жеткізген.

ҰБТ, Егемен Қазақстан

Тест сұрақтарының қатарында  Nur.kz  сынды сайттардан да ақпарат алынған. Осыған қатысты Асан Әзімханұлы: «Оқу сауаттылығы»  форматына келісуге болады. Академиялық сауаттылық бүкіл әлемдік тенденция, игеру, білу міндетіміз. Менің түсінбегенім, осы сауаттылыққа ақпарат көздерін қайдан аларын білмеген бе? Бабалар сөзінің 100 томдығын ашып қарасын, ол болмаса көптеген ЖОО-да ғылыми Хабаршы журналдары бар, солардан алсын», деп жазады.

Бұл жаңалық желі қолданушыларынның наразылығын тудыруда. Көпшілік: «Не деген масқара бұл? Болашақ ұрпақ бұдан қалай сауатты болады?» — деген уәж айтып, сынға алып жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version