Айта кетейік, гуманитарлық көмек Түркияға мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жөнелтілді. Жүктің ішінде жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек беруге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да заттар бар.
Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі — 55 тонна. Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті, — делінген хабарламада.