Басты бет Жаңалықтар Еліміздің алты өңірінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі төмендеді

Еліміздің алты өңірінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі төмендеді

Қазақстандық өнеркәсіп орындары қаңтарда 3 653 миллиард теңгенің өнімін шығарды. Оның ішінде кен өндіру саласына тиесілі үлес 1 881 миллиард теңге болса, 1 470 миллиард теңге өңдеу өнеркәсібінен келді.

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі артқан. Яғни былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ке өсім байқалды.

Өндіріс көлеміндегі оң динамика еліміздің 14 өңірінде тіркелді. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары мен елордада көрсеткіштер керісінше төмендеген.

Өнеркәсіптің негізгі салаларының ішінде электр энергиясы, газ, бу, ыстық су және ауа баптаумен байланысты жабдықтауда айтарлықтай өсім байқалған.

Exit mobile version