Басты бет Жаңалықтар Қостанай облысында ауа райына байланысты жол жабылды

Қостанай облысында ауа райына байланысты жол жабылды

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды. Облыста 16 техника мен 16 адам кезекшілік етіп жатыр.

Фото: Александр Куприенко

Сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауы, желдің күшеюі, боранның күшеюіне және жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар Жезқазған – Петропавл жолының 252-340 шақырымдары учаскесінде (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін жол жабылды, — деп хабарлады Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінен.

Айта кетейік, облыстың 13 ауданында қарлы боран салдарынан 82 елді мекенге қатынайтын жолдар болмады.

Exit mobile version