Ұлттық банк коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады

Коллекцияда Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова, Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған монеталар бар.

Одан бөлек, «Дала қазынасы» сериясымен шыққан KIIZ ÚI, «Сиқырлы нышандар» сериясымен шыққан ÓMIR SHEJIRESI монетасы бар.

  • «Дала қазынасы» сериясымен шыққан KIIZ ÚI монеталарында интерференциялы құбылмалы бейнелеу және алтын жалату технологиясы қолданылған. Күмістен жасалған, сынамасы – 925/1 000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана.
  • «Сиқырлы нышандар» сериясымен шыққан ÓMIR SHEJIRESI монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған.  Күмістен дайындалған монетаның сынамасы – 925/1 000, массаcы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 777 теңгелік, таралымы – 7 777 дана.
  • «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен шыққан QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL, MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL және TALǴAT BIGELDINOV. 100 JYL монеталары мельхиор қоспасынан (МН 25) тұрады. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, әрқайсының таралымы – 15 000 данадан.

Монеталарды Қазақстан ұлттық банкінің интернет-дүкені арқылы 17 ақпаннан бастап алуға болады.