Алматыда «Саяхат» автовокзалының орнына тұрғын үй кешені салынуы мүмкін

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта автовокзал жері мемлекет меншігінде емес. Бірнеше жыл бұрын оны жеке компания сатып алған.

Жер учаскесінің иесі — 2018 жылғы 1 қазандағы сатып алу-сату шарты негізінде Sayahat Realty ЖШС. Жер телімінің мақсаты — коммерциялық үй-жайлар мен жерасты автотұрағы бар көп функционалды тұрғын үй кешенін салу. Қазіргі уақытта алаң қоршалған, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмейді. Жоба алдындағы құжаттаманың толық пакеті жоқ, — деді қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері.