Ұлттық банк доллардың ресми бағамын белгіледі

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 447, 29 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 6,02 теңге.

15 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,49 теңгеге қымбаттап, 447, 28 теңге болған. Ресей валютасы 6,14 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447 – 450 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 448– 452 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5, 9 – 6,15 теңгеге сатып алуға болады.