Бұдан бұрын Жоғары сот судьясы Ақылтай Қасымов хабарлағандай, 2016 жылдан бастап Қазақстанда әр бес жыл сайын судьялардың қызметін бағалау процедурасы енгізілді.
Осы орайда енгізілген заң бойынша судьяның қызметіне теріс баға берілсе, қайта бағалау жүргізілместен, жұмыстан шығарылады.
Сонымен қатар, бұл заңға сәйкес, сот әділқазысы судьяны басқа бір сотқа ауыстыруға шешім қабылдаса, арнайы конкурс өткізілмейтін болады.