Басты бетЖаңалықтарЕкібастұзда азық-түліктің...

Екібастұзда азық-түліктің бағасы төмендеді

Баспасөз қызметінің мәліметінше, көкөніс пен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы біршама төмендеді. Мәселен, пияздың бағасы 281 теңге болған, қазір 161 теңгеден сатылып жатыр. Сол сияқты картоптың бір келісі 140 теңгеден 124 теңгеге, сәбіз 135 теңгеден 103 теңгеге дейін түсті. Small мен Greenwich сауда желілеріне жеткізілетін жұмыртқаның бағасы да 630 теңгеден 551-ке дейін төмендеп отыр. Ал әлеуметтік нан 95 теңге тұрады.

Кеншілер қаласындағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақты түрде қадағаланады, — делінген хабарламада.

Облыс әкімі Екібастұз әкімдігіне ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде құйылмалы сүт саудасын ұйымдастыруды тапсырды.