Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында темекі өнімдерін шығаратын зауыт бой көтереді

Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

120 жылдық тарихы бар компания алғашында монополия болып құрылып, қазіргі таңда мемлекет қарамағына өткен. Бүгінгі күні олар халықаралық дәрежеде ең табысты компаниялардың ішінде екінші орында тұр.  «KT&G»  Қазақстанда тек темекі өнімдерін шығарып қана қоймай, темекіні қыздыруға арналған құрылғыны да өндіреді.

Қазіргі кезде бірнеше халықаралық жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Олардың қатарында орталық Азия елдері, Индонезия  және Қазақстан да бар.  Қазақстандағы бұл бастаманың алар орны ерек деуіміздің басты себебі, Қазақстан ТМД елдерінің нақ ортасында орналасқан. Біздің зауытты салудағы қарқынымыз көз ілеспес жылдамдықта болады, сондықтан жақын арада Алматы облысында өнім өндіруді бастап кетеміз деген ойдамыз, — деді шетелдік өндіріс құрылысының директоры Янг Жу Ким.

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Зауытты салуға жалпы құны 200 миллион доллар инвестиция тартылған. Жоба сәтті болса, 2030 жылға қарай тағы да дәл осы көлемде қаржы құю жоспарланып отыр.

Сіздердің аймақта үлкен жобаны жүзеге асыру біз үшінде мәртебе. Жалпы компанияға келер болсақ, «KT&G» тек зауыт салумен ғана айналыспайды. Бұл компания қызметкерлерді арнайы оқудан өткізіп, еңбектің қыр-сырына баулып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді, — деді компанияның атқарушы вице-президенті Чи Бам О.

Кәсіпорынға Боралдай аумағынан жер де қарастырылған, жақын арада іргетасы қаланады. Ең қуантарлығы ондағы қызметкерлердің  90%-і жергілікті тұрғындар болады. Бас-аяғы 200 жұмыс орны ашылады.

Компания өкілдерінің айтуынша, 16 жыл бойы олардың табысы жыл сайын артып келеді. Олардың сөзіне қарағанда, темекі өнімін шығарудағы табысы «Самсунг» компаниясымен бір дәрежеде екен. Оған дәлел, өндіріс ошағының 21 жыл ішінде Латын Америкасындағы табысының 154 есеге өскені.

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл зауыт ТМД елдерінде темекі өнімін шығаратын алдыңғы орындағы кәсіпорын болады. Алдағы уақытта Алматы облысында өндірілген өнімнің 50%-ін экспортқа шығару  жоспарланған. Алматы облысы екіге бөлініп, жаңа облыс орталығы Қонаев қаласына қоныс аударғанына 8 айдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында бірегей жобалардың іске асуына шешімдер қабылдадық. Бұл күн де аймақ үшін аса маңызға ие. Өйткені өзара серіктестік қарым-қатынасты нығайту үшін меморандумға қол қоямыз, — деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев.

Зауыттың жалпы атқарар қызметі мен ерекшелігіне тоқталған қос тарап соңында екі жақты меморандумға қол қойды. Бас құжаттың аясында Алматы облысында тағы бір ірі зауыт бой көтереді.

Айта кетейік, «KT&G»  темекі өнімдерін шығаруда Кореяда бірінші орында тұрған кәсіпорын.